Елші Украина Жоғарғы Радасының Энергияны үнемдеу және энергияның тиімділік мәселелері жөніндегі кіші комитетінің төрағасымен кездесті

Елші Украина Жоғарғы Радасының Энергияны үнемдеу және энергияның тиімділік мәселелері жөніндегі кіші комитетінің төрағасымен кездесті

2020 жылғы 29 сәуірде Қазақстанның Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев Украина Жоғарғы Радасының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық қызмет мәселелері жөніндегі комитетінің Энергияны үнемдеу және энергияның тиімділік мәселелері жөніндегі кіші комитетінің төрағасы Сергей Нагорнякпен кездесті.

Сұхбат барысында заманауи энергияны үнемдеу мен энергия тиімділіктілін арттыру технологияларын енгізу саласындағы екі елдің тәжірибесі туралы ақпаратпен алмасты. Бұл ретте, украиналық кәсіпорындар «жасыл» энергетика саласында Қазақстандағы бірқатар ірі жобаларды іске асыруға қатысып жатқаны атап өтілді. Осы тұрғыда, Қазақстан мен Украинаның бұл бағыттағы өзара іс-қимылын жандандыруға қол жеткізілді.