
2020 жылғы 29 сәуірде Қазақстанның Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев Еуропадағы ең үлкен жеке ауылшаруашылық өнімдер «Столичный» базарында болды.
Базардың иесі Александр Стельмах және кәсіпорынның Бас директоры Рүстем Абдукадыровпен кездесу барысында осы көп функциялы логистикалық және сауда кешенін қазақстандық өнімді Украинаға экспорттау үшін қолдану, оның ішінде жеке қазақстандық павильон ашу мәселесі талқыланды.
Сондай-ақ, қазақстандық тауарлар мен мәдениет күндерін өткізуге қол жеткізілді.