2020 жылғы 23 сәуірде Қазақстанның Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев Украина өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағының Президенті, Украинаның бұрынғы Премьер-министрі Анатолий Кинахпен кездесті.
Кездесу барысында сұхбаттасушылар Қазақстан Республикасы мен Украинаның кәсіпорындары арасындағы сауда мен кооперациялық байланыстарды жандандыру және қалпына келтіру екі елдің прагматикалық мүдделеріне сай екендігін ерекше атап өтті. Осы тұрғыда тараптар бірқатар перспективті қазақстандық-украиналық экономикалық жобаларды іске асырудың жалпы қадамдарын келісті.