2020 жылғы 22 сәуірде Киевте Украинадағы Қазақстан Елшісі Дархан Кәлетаевтің белгілі кардиохирург-дәрігер, профессор, Украина Денсаулық сақтау министрлігі Жүрек институтының директоры Борис Тодуровпен кездесуі өтті.
Сұхбаттасушылар екі елдің медицина саласындағы өзара іс-қимылын тереңдетудің кейбір аспектілерін талқылады. Сонымен бірге, Б.Тодуров механикалық жүректі имплантациялауды, Украинаның Денсаулық сақтау министрлігінің Жүрек институты негізінде медицина қызметкерлері мен Қазақстан Республикасындағы мамандандырылған жоғары оқу орындарының студенттерінің біліктілігін арттыруды қоса алғанда, қазақстандық әріптестерімен бірқатар бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды.
Сондай-ақ, тараптар коронавируспен күрес саласындағы елдердің тәжірибесімен алмасты.