Қазақстан Елшісінің Украинаның халық депутатымен кездесуі

Қазақстан Елшісінің Украинаның халық депутатымен кездесуі

2020 жылғы 9 сәуірде Қазақстанның Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев «Слуга народа» саяси партиясы депутаттық фракциясының мүшесі, Қазақстан Республикасымен парламентаралық қатынастар тобының жетекшісі Евгений Шевченкомен кездесті.

Тараптар қазақстан-украиндық парламентаралық ынтымақтастықты жандандыру мәселелерін, сондай-ақ екі елдің парламенттік делегацияларының екіжақты форматта және әр түрлі халықаралық алаңдарда мүмкін болатын байланыстарының кестесін талқылады.