2020 жылғы 6 сәуірде Қазақстанның Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев «Украина машина жасаушылар мен жұмыс берушілер лигасы» «Укрмашбуд» ассоциациясы кеңесінің төрағасы В.Саченкомен кездесті.
Сұхбаттасушылар екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі кездегі жағдайы туралы ақпаратпен алмасты. В.Саченко Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан ауылшаруашылық машина жасау және аграрлық өнімді қайта өңдеу салаларындағы бірлескен жобалар туралы хабардар етті. Осы тұрғыда, бірқатар болашағы бар жобаларды жеделдету бойынша қадамдар тізімі келісілді.