Қазақстанның ЖОО-да білім алуға арналған стипендиялық бағдарлама

Қазақстанның ЖОО-да білім алуға арналған стипендиялық бағдарлама

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бакалавриат, магистратура мен PhD докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша біздің елдің ЖОО-да білім алу үшін шетел азаматтарын, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қазақ ұлтының тұлғаларын шақырады.

Грант саны:

  1. Бакалавриат – 490
  2. Магистратура – 50
  3. PhD докторантура – 10

Стипендиялық бағдарламаның операторы – ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы. 

  • Үміткерлер құжаттарды онлайн түрде https://enic-kazakhstan.kz/ сайтында 2020 жылдың 1 наурызынан 1 маусымына дейін тапсыра алады.
  • Бакалавриат / магистратура / PhD докторантура білім беру бағдарламалары бойынша қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Жеке куәліктің көшірмесі; (Төл құжат көшірмесі).

2) алдыңғы білім деңгейі туралы құжаттың көшірмесі (бағалар көрсетілген қосымшамен бірге) ( нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдеріндегі аудармасы )

3) қазақ немесе орыс немесе ағылшын тіліндегі уәждемелік эссе;

4) үміткердің білім алған оқу орнынан немесе жұмыс берушіден қазақ немесе орыс немесе ағылшын тіліндегі ұсыным хат;

5) үміткердің тұрғылықты жерінің ресми денсаулық сақтау органы берген шетелде білім алуға арналған денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама, сондай-ақ адамның иммун тапшылығы вирусының (АИТВ) және ЖҚТБ болмауы туралы медициналық анықтама;

6) қазақстандық ЖОО-дан шақыру хат (бар болған жағдайда).

  • PhD докторантура бойынша қосымша:

1) қазақ, немесе орыс, немесе ағылшын тіліндегі диссертациялық зерттеу тақырыбына негіздеме  2) Шетел тілін білетіндігін растайтын халықаралық сертификат (TOEFL, IELTS, DSH, TFI және т.б.). 

 Қажетті ақпаратты https://enic-kazakhstan.kz/ сайтында табуға болады.

 Барлық сұрақтар бойынша төмендегі телефон және пошта арқылы хабарласуға болады:

Тел.: +7 (7172) 28 75 26

E-mail: admission@n-k.kz