
2020 жылғы 2 сәуірде Киевте Қазақстанның Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаевтың «Слуга народа» саяси партиясы фракциясының төрағасы Давид Арахамиямен кездесуі өтті.
Оның барысында сұхбаттасушылар коронавирусқа қарсы күрес саласындағы елдердің тәжірибесімен алмасты, сондай-ақ осы вирустық инфекцияға қарсы тұруда Қазақстан мен Украинаның өзара іс-қимылын белсендету мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар, парламентаралық ынтымақтастықтың негізгі параметрлері екіжақты форматта да, халықаралық ұйымдар аясында да айқындалды.