2020 жылғы 31 наурызда Қазақстанның Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаевтың Украина Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Геннадий Чижиковпен кездесуі өтті.
Сұхбаттасушылар екі елде корановируспен күрес бойынша қабылданған шаралар туралы, сондай-ақ үкіметтердің экономиканы қолдау және карантин жағдайында тұрғындарға қосымша әлеуметтік жеңілдіктер мен кепілдіктер беру жөніндегі іс-қимылдары туралы ақпаратпен алмасты.
Эпидемиядан кейінгі кезеңде Қазақстан мен Украина арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру бойынша жасалатын қадамдар келісілді. Бұл ретте, жасыл энергетика, машина жасау және ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу саласындағы нақты ірі бизнес-жобаларды жүзеге асыру қажеттілігі ерекше аталды.