
Украина тарапының өтінішіне сәйкес, Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігінің қолдауымен ағымдағы жылдың 29 наурызда «SCAT» қазақстандық әуе компаниясы Қытайдан Украинаға коронавирус эпидемиясымен күресу үшін гуманитарлық жүк жеткізді. Бұл жүктің құрамына қорғаныс костюмдер, медициналық маскалар және басқа да қорғанысқа қажетті жабдықтар кіреді.
«SCAT» әуе компаниясы «гуманитарлық» рейстерді жүргізуді жалғастырады.