
2019 жылғы 19 қарашада Алматы қаласында ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышевтің қатысуымен ИЫҰ Бас хатшылығының, ИЫҰ ғылыми және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі тұрақты комитетінің (КОМСТЕК) және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қолдауымен ҚР СІМ ұйымдастыруымен «brainstorming session» форматында «ИЫҰ-15 үнқатысу платформасын» құру жөніндегі ҚР бастамасын іске асыруға арналған семинар өтті.
Бұл бастама ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі және 2017 жылғы 10-11 қыркүйекте ИЫҰ-ның Ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммиті барысында жариялап, онда ол мұсылман елдерінің көшбасшыларын ғылым мен технлогиялардың алға жылжуын XXI ғасырда олардың дамуының басым бағыты ретінде қарастыруға шақырды және «ИЫҰ-15» тобы шеңберінде ислам уммасының экономикалық тұрақты және технологиялық дамыған мемлекеттерінің күш-жігерін өзара біріктіруге бастама жасады.
Іс-шараға ИЫҰ мүше-мемлекеттердің Тұрақты өкілдері мен елшілері, ұйымның субисидиарлық және мамандандырылған органдар мен институттары қатысты. Семинарға қатысушылар ИЫҰ мүше-мемлекеттеріндегі ғылым мен технологиялардың дамуына баға берді, сондай-ақ семинардың қорытынды есебінде бекітілген Болашақ «ИЫҰ-15 үнқатысу платформасына» қатысты өз пікірлерін айтты.
Қорытынды есеп пен семинарға қатысушылардың пікірлері 2020 жылдың екінші тоқсанында Нигерде өткізуге жоспарланған ИЫҰ мүше-мемлекеттері Сыртқы істер министрлерінің кезекті кездесуінің қарауына ұсынылатын болады.