Украинадан Қазақстан азаматтары оралды

Украинадан Қазақстан азаматтары оралды

Үстіміздегі жылғы 27 наурызда Қазақстан Республикасының 76 азаматы Украинадан отанына сәтті оралды.

Осындай нәтижеге қол жеткізу үшін Елшілік ауқымды жұмыс атқарып, соның ішінде Қазақстанға қайтатын азаматтарымыздың тізімін әзірлеп, «Киев – Алматы – Киев» бағытында чартерлік рейс ұйымдастыру үшін тиімді әуекомпаниясын анықтау, қазіргі әлемдегі қиын жағдайда логистика мәселесін шешу және басқа да көптеген ұйымдастыру шараларын жүзеге асырды.

Елшілік барша адамзат үшін қиын кезеңді ауыртпалықсыз өткеруді тілейді және Украинада жүрген барлық қазақстандықтарды Елшілікте консулдық тіркеуден өтуге шақырады. Бұл іс-шара Сіздердің мүдделеріңізді қорғау үшін жасалады.