
НЬЮ-ЙОРК, 2019 жылғы 25 қыркүйек — БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясы аясында ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Пәкістанның СІМ басшысы Махмуд Куреши, Кипрдің — Никос Христодулидис, Норвегияның — Инэ Сёрейде және Хорватияның — Гордан Радманмен бөлек келіссөздер өткізді. Кездесулер барысында Қазақстанның осы мемлекеттермен екіжақты ынтымақтастығының ағымдағы мәселелері мен перспективалары талқыланды.