
Алдын-ала келісімге сәйкес, Борисполь-Алматы чартерлік рейсі Қазақстан Республикасы азаматтарын «шығару» үшін 26 наурыз күні кешке (19.00-ден кейін) украиндық SkyUp әуе компаниясымен орындалады.
Қазіргі уақытта рейстің құны нақтылануда. Украинаның ішінде қозғалыс бойынша жаңа шектеу шаралары енгізілу мүмкіндігін ескере отырып, Украинадағы Қазақстан Республикасының барлық азаматтарынан Киевке алдын-ала келуді сұраймыз.