
2019 жылғы 26-30 тамызда Павлодар қаласында (Қазақстан Республикасы) Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының 97-ші отырысы өтті.
Тараптар демаркацияның қорытынды құжаттарының жобаларын дайындау және бекіту жөніндегі жұмысты жалғастырды, сондай-ақ мемлекеттік шекараның Павлодар-Алтай учаскесіндегі жерде бірлескен далалық зерттеуді жүзеге асырды. Келіссөздер екі елдің қарым-қатынасы үшін дәстүрлі достық және сындарлы атмосферада өтті.
Комиссияның келесі отырысы 2019 жылдың қыркүйек-қазан айларында Ресей Федерациясының аумағында өтеді.