
Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Асанұлы Бейсенбаев Қазақстанның Беларусь Респуликасындағы Елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты Өкіл қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.
Асқар Асанұлы БЕЙСЕНБАЕВ
1961 жылы 31 қаңтарда туған. Ресей-Қазақстан Қазіргі заманғы гуманитарлық университетін бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты. Неміс тілін меңгерген.
Өзінің еңбек жолын 1983 жылы Түлкібас консерві зауытында инженер-технолог лауазымынан бастап, зауыттың директоры лауазымына дейін жетті. 1992-1994 жылдары Түлкібас Нан өнімдері комбинатын басқарды. Әрі қарай жеке бизнеспен айналысып, «Көктерек» АҚ компаниясын басқарды.
1998-2001 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданының әкімі болды.
2001-2008 жылдары II, III, IV шақырылымның Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер Комитетінің мүшесі болды.
2008 жылы Президенттің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Өкілдігінің Басшысы болып тағайындалды.
2013 жылы Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына жұмысқа ауысады, онда 2016 жылға дейін Сенат Төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
2017 жылдан бастап Қазақстанның Беларусьтегі Елшісі болып тағайындалғанға дейін ҚР Парламенті Сенатының депутаты - Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы болды.
2019 жылғы 12 тамыздан бастап - Қазақстанның Беларусь Республикасындағы Елшісі, ТМД Жарғылық органдары жанындағы Тұрақты Өкіл қызметін қоса атқарады.
«Құрмет», «Содружество», «Парасат», «Достық» ордендерімен марапатталған.
Үйленген, үш баласы бар.