Еуропалық бизнеске Қазақстанның инвестициялық әлеуеті таныстырылды

Еуропалық бизнеске Қазақстанның инвестициялық әлеуеті таныстырылды

МӘСКЕУ — Ресей астанасында Еуропалық бизнес өкілдері үшін Қазақстанның инвестициялық әлеуетінің презентациясы өтті. «Қазақстан: жаңа мүмкіндіктер» атты іс-шараны Еуропалық бизнес қауымдастығы (АЕБ), Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі мен Сауда өкілдігі ұйымдастырды.

Презентация барысында АЕБ-ға мүше компаниялар Қазақстанда іскерлік ахуалды жақсарту және шетелдік инвесторларды қолдау бойынша жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыстармен танысты. «Kazakh Invest» ҰК» АҚ қызметі мен бағыттары, өңірлік қаржы хабы ретінде «Астана» Халықаралық қаржы орталығының және инвесторларды бюрократиялық және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінен қорғау бойынша «Protecting Business and Investments» жобалық кеңсесінің әлеуеті ұсынылған. Сондай-ақ, іс-шара аясында «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының әлеуеті таныстырылды.

Іс-шарада Қазақстан делегациясын Қазақстан СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Ерлан Хаиров басқарды.

Презентацияға АЕБ-ға мүше 50-ден астам шетелдік компаниялардың өкілдері қатысты. Еуропалық бизнес өкілдері Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға мүдделіліктің артқанын мәлімдеді. Біздің еліміздің артықшылықтарының қатарында саяси және экономикалық тұрақтылық, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік кеңістігі құрамындағы серпінді даму атап өтіледі.

Іс-шараға қатысушылар өзара тиімді ынтымақтастықты дәйекті түрде дамытудағы, қазақстандық және еуропалық бизнес арасындағы іскерлік байланыстарды кеңейтудегі алғашқы қадамға айналатынына сенім білдірді.