
НҰР-СҰЛТАН, 2019 жылғы 26 маусым — ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде Агенттік Төрағасы Алик Шпекбаевтың қатысуымен «Адалдық алаңы» жобасының 2019 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысын қорытындылау бойынша кеңес өтті.
Кеңесте ҚР Сыртқы істер министрлігіндегі жобаның кураторы Жауапты хатшы Нұрлан Сейтімовтың «Адалдық алаңы» жобасы аясында ҚР сыртқы саяси ведомствосының жұмысы туралы баяндамасы тыңдалды. Баяндамада Министрліктің жобаға қосылу жөніндегі қадамдары, ағымдағы жағдайды талдау және бастаманың негізгі міндеттерін іске асыруға бағытталған іс-қимыл жоспарлары көрініс тапты.
ҚР СІМ жұмысы «Адалдық алаңы» жобасы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен республикалық жобалық Кеңсе басшылығының мақұлдауына ие болды. Жоба жетекшісі бұл Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобаны іске асыруға қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марапатталды.