
Коронавирустың пандемиясына қатысты Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы көліктік байланыстардың тоқтатылуына орай (2020 жылдың 17 наурыздан бастап) қазіргі уақытта Украинадан Қазақстан Республикасының азаматтарын шығару мақсатында «Алматы-Киев-Алматы» бағыты бойынша коммерциялық чартерлік рейсті ұйымдастыру мүмкіндігінің мәселесі пысықталуда.
Қазақстанның Киевтегі Елшілігі Отанына оралу үшін Қазақстан азаматтарының тізімін қалыптастыруды жалғастыруда.
ҚР Украинадағы Елшілігінің жедел желілері: 044 227 64 10 және 044 483 15 96.