Қазақстан Республикасының Сингапур, Германия және Иордания елдерінде жаңа елшілер тағайындалды

Қазақстан Республикасының Сингапур, Германия және Иордания елдерінде жаңа елшілер тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН, 2019 жылғы 6 маусым — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлықтарымен:

Аркен Кеңесбекұлы Арыстанов Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне;

Дәурен Айтбайұлы Кәріпов Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне;

Айдарбек Ануарбекұлы Тұматов Қазақстан Республикасының Иордан Хашимиттік Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.