2020 жылғы 13 наурызда көктем мейрамы «Наурыз» қарсаңында Қазақстанның Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев қазақ диаспорасының өкілдерімен кездесті.
Елші келе жатқан мерекемен құттықтап, 2020 жыл Қазақстан үшін айтулы оқиғаларға толы екенін айтып өтті: Конституция мен Қазақстан Халқы Ассамблеясының 25 жылдығы, Ұлы Жеңістің 75 жылдығы, көрнекті философ және ғалым Әл-Фарабидің 1150 жылдығы, ұлы ақын және ойшыл Абайдың 175 жылдығы аталуда.
Кездесу барысында Украинада қазақ халқының мәдени-тарихи мұрасын кеңінен насихаттау, диаспораның қазақ тілін үйренуі, отандастардың Қазақстанда жоғары білім алуы және т.б. бірлескен жобаларды жүзеге асыру туралы мәселелер келісілді.