Харьковта Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды

Харьковта Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды

2020 жылғы 15 ақпанда Харьков қаласында Харьков, Полтава және Сумы облыстарындағы Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығының салтанатты ашылуы өтті. Мекеменің басшысы - Харьков кәсіпкері, аймақтағы үлкен тәжірибесі бар белгілі заңгер және меценат Эмин Наджафли болды.

Қазақстанның Украинадағы Елшісі Самат Ордабаев өз сөзінде Құрметті консулдықтың ынтымақтастықтың барлық салаларында қазақстан-украиндық қатынастарды дамытудағы маңызды рөлін атап өтті. Қазақстанның мүдделерін ілгерілетуге, елдер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ еліміздің азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерін қорғауға ерекше екпін жасалды.

Айта кету керек, Украинаның шығыс аймағының қуатты экономикалық, ғылыми және мәдени әлеуеті бар. Аймақта химия, отын-энергетика, тамақ және жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, құрылыс материалдары өндірісі дамыған. Сонымен қатар, Харьков, Полтава және Сумы облыстарында агроөнеркәсіп кешені өте қарқынды дамуда.

Іс-шараға Харьков облыстық әкімшілігінің, Харьков қаласының басшылығы, Харьков облыстық кеңесінің депутаттары, дипломатиялық корпустың, аймақтың іскер топтарының өкілдері, Харьковтағы қазақ диаспорасы, БАҚ және басқалар қатысты.