
Ү.ж. 4-5 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында қазақстандық-украиналық бизнес форумы өтті. Іс-шараға екі елдің 120 жуық кәсіпорындары қатысты.
Форумның бағдарламасы өте мазмұңды болды. Украиналық әріптестер Қазақстанның инвестициялық климатымен, «Астана» Халықаралық қаржы орталығы және арнайы экономикалық аймақтар қызметінің ерекшеліктерімен жан-жақты танысты. Ерекше назар Қазақстанның салық және кеден заңдылығына аударылды. АҚ «Қазпошта» және оның Нұр-сұлтан қаласындағы Фулфилмент-орталығының негізінде электрондық сауданы дамыту мүмкіншіліктері талқыланды.
Іс-шараның қорытындысы бойынша екі ел арасында машина құрастыру, ауыл шаруашылық қайта өңдеу, фармация, IT және т.б. салаларда кооперациялық өзара іс-қимылды тереңдетуге қол жеткізілді, АҚ «KazakhInvest» пен Украинаның Сауда-өнеркәсіп палатасы арасында Қазақстан мен Украина аумағында инвестициялық жобаларды іске асыру мен ілгерлету бойынша бірлескен іс-қимыл туралы Келісімге қол қойылды.