Қазақстанның Елшілігі «Ұлттар шеруіне» қатысты

Қазақстанның Елшілігі «Ұлттар шеруіне» қатысты

2021 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстанның Украинадағы Елшілігі қазақ диаспорасының өкілдерімен бірге «Fashion of Diplomacy in Ukraine» мәдени-дипломатиялық журналы ұйымдастырған «Ұлттар шеруі 2021» жыл сайынғы халықаралық қайырымдылық кешіне қатысты.

Іс-шараға қатысушылар Украинада аккредиттелген дипломатиялық корпуспен ұсынылған әлемнің 30-дан астам елдері халықтарының мәдениеттері мен достық атмосферасына бөленді.

Кеште Қазақстанның Елшілігі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған имидждік бейнероликті ұсынды, сонымен қатар қазақтың дәстүрлі киімдерін көрсетті және Украинаның еңбек сіңірген әртісі, қандасымыз Инеш Кдырованың орындауындағы Роза Рымбаеваның репертуарынан қазақ тіліндегі «Атамекен» әнімен көрермендерді қуантты.