Украинаның Энергетика министрлігінде кездесу туралы

Украинаның Энергетика министрлігінде кездесу туралы

2021 жылдың 13 қазанында Қазақстанның Елшісі Дархан Кәлетаев Украинаның Энергетика министрі Герман Галущенкомен кездесу өткізді.

Қазақстандық дипломат министрге елдің энергетика саласының дамуы туралы ақпарат берді. Бұл тұрғыда әңгімелесушілер Қазақстан мен Украина арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың келешегін талқылады. Д.Кәлетаев Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында мұнай және газ кен орындарын барлау мен өндіру саласындағы жинақталған тәжірибесімен бөлісуге, сондай-ақ осы мақсатқа шетелдік инвестициялар мен озық технологияларды тартуға дайын екендігін білдірді.

Атом энергетикасы саласындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне тоқталған тараптар біздің елдер арасындағы осы саладағы ынтымақтастықтың оң тәжірибесін атап өтті. Осыған орай, Қазақстанның Елшісі МАГАТЭ-нің Шығыс Еуропалық тобына кіру үшін Қазақстанның кандидатурасын Украинаның қолдау сұрауын білдірді, осымен бірге МАГАТЭ қызметі техникалық сипатта екенін атап өтті.

Кездесу соңында Д.Кәлетаев Г.Галущенконы Қазақстанның энергетикалық секторымен толығырақ танысу үшін Қазақстанға келуге шақырды.