Ғылым, өнер мен әдебиеті Еуропалық академиясы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерін мерейтойлық медалімен марапаттады

Ғылым, өнер мен әдебиеті Еуропалық академиясы  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерін мерейтойлық медалімен марапаттады

Қазақстанның Украинадағы Елшілігінің көмегімен Қазақстанның Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет 2021 жылдың 8-10 қазанында Киев пен Ирпен қалаларында өткен III Халықаралық жазушылар мен аудармашылар фестиваліне қатысты.

Жыл сайынғы фестиваль Украинаның Ұлттық жазушылар одағы, украиналық «Саммит-Книга» баспасы, жергілікті әкімшілік және штаб-пәтері Парижде орналасқан Ғылым, өнер мен әдебиеті Еуропалық академиясының (EASAL) қолдауымен өтеді.

Әдебиет және аудармашылық қызметіне қосқан үлесі үшін Ғылым, өнер мен әдебиеті Еуропалық академиясының Әдебиет бөлімінің халықаралық хатшысы, украиналық жазушы-аудармашы Дмитрий Чистяк EASAL мерейтойлық медалін қазақтың ақыны, жазушы-аудармашы, сценарист, кинорежиссер және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, биыл 70 жылдығын атап өтетін Бақытжан Қанапьяновқа тапсыру үшін қазақстандық қонаққа беріп жіберді.

Б.Қанапьянов Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюдың ерікті қатысушысы болғанын атап өтеміз. Мұның шығармашылық нәтижесі - «Аист над Припятью» (1987 ж.) өлеңдер мен прозалар жинағы болып шықты, ол үшін ол Қазақстанның Лениндік комсомолы сыйлығына ие болды.

Сондай-ақ, ү.ж. 8 қазанында Қазақстанның Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев пен Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы У.Есдәулет Украинаның Ұлттық жазушылар одағының төрағасы Михаил Сидоржевскиймен кездесу өтті.

Кездесу барысында әдеби саладағы өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланып, бірлескен жобалар мен іс-шаралар өткізу туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді. Кездесу қорытындысы бойынша екі елдің жазушылар одақтары арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.