Қазақстанның Елшісі Киев облыстық мемлекеттік әкімшілігінің басшысымен кездесті

Қазақстанның Елшісі Киев облыстық мемлекеттік әкімшілігінің басшысымен кездесті

Ү.ж. 29 қыркүйекте Қазақстанның Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев Киев облыстық мемлекеттік әкімшілігінің басшысы Василий Володинмен кездесу өткізді.

Д.Кәлетаев Киев облысының басшысына Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы, екіжақты қазақстандық-украиналық қатынастары, өзара сауда туралы ақпарат берді. Ол екіжақты байланыстарды дамыту үшін Ақмола облысы делегациясының сапарын ұйымдастыруды және екі аймақ арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюды ұсынды.

В.Володин Киев облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы, аймақтың үлкен инвестициялық әлеуеті, Қазақстанмен энергетика, машина жасау, туризм, ауыл шаруашылығы және т.б. саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы айтты. 2005 жылы Украинаның Киев облысы мен Қазақстанның Алматы облысы арасында ынтымақтастыққа қол қойылғандығы туралы хабар етті. Заманауи шындықтарды ескере отырып, ол осы келісімді жаңартуды ұсынды. Киев облысының басшысы Ақмола облысымен ынтымақтастық туралы ұсынысты қолдады және кез келген уақытта қазақстандық делегацияны қабылдауға дайын екенін білдірді.