Қазақстанның Украинадағы Елшілігінің бастамасымен Маңғыстау облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының басшысы Пәния Сармурзина, Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Сұлтанбек Құдайберген және мұражай сарапшысы Раушан Молбайқызы Канев қаласындағы Шевченко Ұлттық қорығының мұражайына Тарас Шевченконың өмірі мен шығармашылығының «қазақ кезеңіне» арналған экспозицияны толықтыру үшін қазақ халқының тұрмыстық заттарын, ұлттық киімдерін және т.б. әкелді.
Мұражайға барған кезде делегация қазақ киіз үйін қайта орнатып, жаңа экспонаттармен толықтыруға шешім қабылдады. Қазақстандық мамандар мен Мұражай қызметкерлерінің бірлескен күшімен қазақтың киіз үйі қайта жабдықталып, жаңа атрибуттармен қосымша жабдықталды.
Қазақтың киіз үйі Мұражайға 1989 жылы Маңғыстау облысынан да әкелінгені символды болып келеді және ол бүгінгі күнге дейін өте жақсы жағдайда сақталынды. Мұражай қызметкерлері Қазақстаннан сыйға тартылған заттарды мұқият сақтайтындықтарын және жаңа әкелінген жәдігерлерге қуанышты екенін айтты.
Шевченко ұлттық қорығының бас директорының м.а. Валентина Коваленко қазақтың киіз үйі жаңа бояулармен ойнай бастағанын және бұл Мұражайға келушілерді ерекше қызықтыратын басты экспонаттардың бірі болатыны сөзсіз деп атап өтті.
Жалпыға мәлім Ұлы Кобзар Тарас Шевченко 10 жыл Қазақстанның Маңғыстау облысына жер аударылған және осы уақыт ішінде 500-ге жуық бірегей сурет туындыларын жасады, олардың 350-і қазақ халқына, олардың тұрмысы мен мәдениетіне, Қазақстанның табиғатына арналған. Сондай-ақ, жер аударған кезінде ол 100-ден астам өлең, әйгілі «Варнак» поэмасын, бірнеше әңгімелер жазды.