Қазақстанның Елшісі «Слуга народа» партиясының жастар қанаты - «Зе! Жастар» өкілдерімен кездесу өткізді

Қазақстанның Елшісі «Слуга народа» партиясының жастар  қанаты - «Зе! Жастар» өкілдерімен кездесу өткізді

Қазақстанның Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев «Слуга народа» партиясының жастар қанаты – «Ze! Жастар» өкілдерімен кездесті. Кездесуге «Слуга народа» партиясынан Украинаның халық депутаты, «Зе! Жастар» құрметті төрағасы Александр Санченко, жастар қанатының басшысы Владимир Мисяйло және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы Алина Поддубная қатысты.

Сұхбаттасушылар Қазақстан мен Украинадағы жастар құрылымдарының жүргізіліп жатқан жұмыстары мен жоспарлары туралы ақпаратпен алмасты, партиялық құрылыс мәселелері, «Ze! Молодежка» мен «Нұр Отан» партиясының жастар қанаты - «Жас Отан»-мен ынтымақтастығының мүмкіндіктерін талқылады, заманауи қоғам және мемлекеттің дамуы мен құрылысында жастар құрылымдарының рөлін атап өтті.

Тараптар Қазақстан мен Украинада өтетін шараларға белсенді қатысуға ниетті.