
Қазақстанның Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев Сумы облыстық мемлекеттік әкімшілігінің төрағасы Дмитрий Живицкиймен кездесті.
Сұхбат барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық, өңіраралық байланыстарды дамыту мәселелері мен екіжақты ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары талқыланды.
Әңгімелесушілер Қазақстан аймақтарының және Украинаның Сумы облысының іскер топтары, мәдени және қоғамдық ұйымдары арасында тығыз байланыс орнату үшін жаңа байланыс нүктелерін іздеуге келісті.