
Львов, 2021 жылдың 31 тамызы - Львовтың орталық алаңында «Қазақстан - Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» тақырыбында фотокөрме ашылды.
Көрмені Қазақстанның Украинадағы Елшілігінің көмегімен Львов қаласындағы ҚР Құрметті консулдығы ұйымдастырды. Бұл шараны Львов Қалалық кеңесі де қолдады.
Фотокөрме тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жолындағы маңызды тарихи оқиғаларды көрсетеді. Соның бірі - 1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигонының жабылуы, оның базасында 40 жылдан астам уақыт ішінде 500-ге жуық ядролық жарылыс жасалған. Қазақстандағы осы сынақтардың нәтижесінде 1,3 миллионнан астам адам радиоактивті әсерге ұшырады, флора мен фауна ластанды.
Фотокөрме барлығына қол жетімді.