Киев, 2021 жылдың 30 тамызы - Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігінде белгілі 106 Ақмола атты әскер дивизиясының соғыс қимылдары аймағында орналасқан іздеу экспедициясының мүшелерімен кездесу өтті.
«Мемориалдық аймақ» ҚҰ төрағасы Майдан Құсайынов пен «Көкше-Іздеу» әскери-патриоттық іздеу клубының үш өкілінен тұратын қазақстандық іздестіру тобы Еркінбек Абдуллин, Ермек Рахимов, Мейрамбек Тілеубай 1942 жылы кеңес әскерлері «Барвенково қазаны» қоршауынан шығуға аттанған аймақта екі апта жұмыс жасады.
Қазақстандық іздестіру тобы іздеу жұмыстарын осы жылы басқарған Ярослав Жилкин жетекшілік ететін «Халық жады» одағы» бүкілукраиналық қоғамдық бірлестігінің құрамында жұмыс істеді.
Қатысушылар саяхаттан алған әсерлерімен бөлісті, сонымен қатар жүргізілген іздестіру жұмыстарының негізгі нәтижелері туралы айтты. Барлығы 116-ға жуық офицерлер мен сарбаздардың мәйіттері табылды, оларды алдағы анықтау қажет. Олардың тек бестен бірінде ЖСБ - жеке сәйкестендіру белгілері болды. Украиналық іздестіру тобының 5 жылдық жұмысында 500-ге жуық мәйіттері табылған болатын. Дегенмен, бұл аймақта санитарлық көмулер әлдеқайда көп. Іздестіру тобының мәліметінше, бұл аймақта қаза тапқан сарбаздар саны ондаған мың болуы мүмкін.
Кездесуде Я.Жилкин қазақстандық іздестіру тобының Украинаға сапарын ұйымдастыруға көмек көрсеткені және Харьков облысының Балаклея ауданының Лозовенка, Степок, Пантелеев және Красная Балка ауылдарында далалық іздестіруге тікелей қатысқаны үшін Қазақстанның Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаевтың атынан алғыс хатпен марапатталды.
Өз кезегінде Я.Жилкин қазақстандық іздестіру тобына сол кезде аймақта соғысқан жауынгерлер мәйіттерінің болуы ықтимал жинақталған жерлері көрсетілген картографиялық және тарихи материал үшін ризашылығын білдірді. Бұл әскерлер неміс қоршауынан шыққан жерлер.
Кездесудің қорытындысы бойынша іздестіру жұмыстарына жүйелі көзқарастың және қатысушылардың неғұрлым кең көлемін тарту қажеттілігі атап өтілді.