Харькова Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 30 жыл толуына арналған фотокөрме ашылды

Харькова Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 30 жыл толуына  арналған фотокөрме ашылды

Харьков, 2021 жылдың 27 тамызы - Қазақстан Республикасының Харьков қаласындағы Құрметті консулдығы Қазақстан Елшілігінің көмегімен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының 30 жылдығына арналған фотокөрме ұйымдастырды.

Бұл шаралар 29 тамызда атап өтілетін Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне орайластырылған.

Көрмеде полигондағы сынақтар кезінде түсірілген тарихи фотосуреттер, әйгілі «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы мен оның жетекшісі Олжас Сүлейманов туралы баяндайтын суреттер, сондай-ақ Семей полигонының жабылғанын куәландыратын мұрағат құжаттары ұсынылған.

Көрме сонымен қатар Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 29 тамызды Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп жариялау туралы бастамасы туралы және Қазақстанның ядролық қарусыздану саласындағы жаһандық бастамасы – «ATOM» жобасы туралы баяндайды.

«АТОМ» жобасының Құрметті Елшісі, халықаралық антиядролық қозғалыстың белсендісі, ерні мен саусақтарымен сурет салатын суретші Кәріпбек Куюков болып табылады. К.Куюков картиналарының тақырыбы адамзатқа ядролық қауіппен тікелей байланысты.

Сонымен қатар, көрмеге Тәуелсіз Қазақстанның 30 жыл ішінде қалыптасуы, дамуы мен жетістіктерін баяндайтын фотосуреттері бар стенд орнатылған.

Фотокөрменің ашылуына дипломатиялық корпустың, Харьков қалалық кеңесінің, сондай -ақ жастар кеңесінің өкілдері қатысты.

Фотокөрме барлығы үшін ү.ж. тамыз айының соңына дейін жалғасады.