Одессада Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Семей ядролық полигонының жабылу күнінің 30 жылдығына арналған фотокөрме ашылды

Одессада Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен  Семей ядролық полигонының жабылу күнінің 30 жылдығына арналған фотокөрме ашылды

2021 жылғы 20 тамызда Одессадағы «Вернисаж» галереясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Семей ядролық полигонының жабылу күнінің 30 жылдығына арналған фотокөрме ашылды.

Көрмеде Қазақстанды, оның мәдениетін, халқы, табиғаты, сәулеті, ұлттық тағамдары және т.б. баяндайтын фотосуреттері ұсынылған.

Сонымен қатар келушілерге Семей ядролық полигонының жабылу тарихы мен Қазақстанның ядролық қаруды таратпау саласындағы әлемдік аренадағы күш-жігері туралы материалдар көрсетілді.

Көрмені Қазақстанның Украинадағы Елшілігінің көмегімен Одессадағы ҚР Құрметті консулдығы ұйымдастырды. Фотоматериалдарды «Kazinform» ХАА ұсынды.

Көрменің ашылуына Одессаның мәдениет, қоғам және іскер топтарының өкілдері шақырылды.

Фотокөрме 20-25 тамыз аралығында Одесса қ., Леонтович көшесі 13, «Вернисаж» галереясы мекен-жайында көрсетіледі.

Осындай фотокөрмелер Харьков пен Львов қалаларында да өткізіледі.