
2021 жылғы 3 маусымда Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев Украинаның Мемлекеттік мұрағат қызметінің төрағасы Анатолий Хромовпен кездесті.
Елші Д.Кәлетаев мұрағат мекемелері арасында тәжірибе және ақпарат алмасуды дамытуға Қазақстанның дайын екендігі туралы хабарлады. Мұрағат ісі бойынша мұрағаттық, ғылыми-әдістемелік, анықтамалық әдебиеттермен алмасуға, сондай-ақ Украина мұрағаты бойынша қазақстандық ғалымдардың зерттеулерін ұйымдастыру мүмкіндігіне қызығушылық білдірілді. Бұл тұрғыда Дархан Кәлетаев арнайы қонысаударушыларға қатысты материалдар мен құжаттарды іздеудің маңыздылығын атап өтті.
А.Хромов мұрағат ісі саласындағы украиналық тәжірибесімен бөлісті және Қазақстанмен ынтымақтастықты жандандыру, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатпен жаңа келісімге қол қою қажеттігін атап өтті.
Тараптар екі елдің мұрағат мекемелерінің онлайн-консультациясын ұйымдастыруға келісті.