Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті және И.Сикорский атындағы Киев политехникалық институты арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті және И.Сикорский атындағы Киев политехникалық институты арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

2021 жылғы 26 мамырда Киев қаласында Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті мен И.Сикорский атындағы Киев политехникалық институты арасындағы ытымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Мұндай келісімге АЭжБУ ректоры Сәуле Сағынтаеваның КПИ Ғылыми кеңесінің жетекшісі Михаил Ильченкомен кездесуі барысында қол жеткізілді. Ол екі жоғары оқу орнының ынтымақтастығын сапалы жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді.

Тараптар білім беру бағдарламаларын бірлесіп дайындауды, оқытушылар мен студенттердің академиялық алмасуын, сондай-ақ энергетика, телекоммуникация және ғарыш технологиялары салаларындағы ғылыми жобаларды бірлесіп жүзеге асыруды жоспарлап отыр.