
Ү.ж. 26 мамырда Киевте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында, Украинадағы қазақтардың алғашқы Құрылтайы өтті, оны Қазақстан Елшілігі мен қазақ диаспорасы ұйымдастырды.
Іс-шараның басты мақсаты Украинадағы қазақ диаспорасын шоғырландыру жөніндегі күш-жігерді дамыту, қазақ дәстүрлерін, шетелде тұратын қазақтардың өзіндік ерекшелігін, салт-дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтау үшін қосымша жағдайлар жасау болды.
Құрылтайға Украинаның әртүрлі аймақтарынан келген «қандастар», қазақстандық жерлестік өкілдері, Украина мемлекеттік органдардың басшылары және халық депутаттары қатысты.
Іс-шара барысында Қазақстанның Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев студенттер жастарының құрылымдарымен, ақсақалдар кеңесі және басқа да бейресми мекемелермен бірге Украина қазақтарының қауымдастығын құру туралы бастама көтерді.
Құрылтайда Украинаның этносаясат және ар-ождан бостандығы жөніндегі мемлекеттік қызметінің басшысы Елена Богдан, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов, Украинаның халық депутаты Сергей Нагорняк, Киевтегі «Достық» қазақ мәдени қоғамының жетекшісі Данияр Егамбердиев, «Бірлік» қазақстандықтардың Харьков қалалық ұлттық қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Макка Каражанова, қазақ диаспорасының өкілдері Рүстем Жанғожа және Украинаның еңбек сіңірген әртісі Инеш Кдырова сөз сөйледі.
Украинаның халық депутаты С.Нагорняк өз сөзінде Қазақстанға бірнеше рет келіп, қазақ халқының басқа этностарға деген ыстық ықыласын сезінгенін баса айтты. «Мен әрдайым Қазақстанда өзімді үйдегідей сезінемін», - деп атап өтті депутат.
Қазақ диаспорасы активтерінің лейтмотиві жалпы мақсаттарға жету үшін күш-жігерді біріктіру қажеттілігі және оның ішінде қазақстандық-украиналық достық қатынастарын одан әрі нығайту және дамыту болды.
Құрылтайға қатысушылар Қазақстандықтарға және әлемдегі барлық отандастарға Қазақстан Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған үндеу қабылдады. Құжат Қазақстанда жүргізілген саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-гуманитарлық реформаларға қолдау білдіріп, біртұтас ұлтты мәңгілікке біріктіретін тарихи Отанмен ажырамас рухани байланысқа баса назар аударды. Жаңадан құрылған Қауымдастықтың басшысы Данияр Егамбердиев те сайланды.
Құрылтай аясында шығармашылық қазақ және украин топтарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Украинаның еңбек сіңірген әртісі, қандасымыз Инеш Кдырова «Атамекен» әнін орындады. Музыкалық құттықтаулар Димаш Құдайбергеннің украиналық фан-клубынан украин тілінде қазақтың халық әні «Дайдидауды» орындаған да келді. Сонымен қатар, суреттер көрмесі, «Туған Қазақстан» тақырыбындағы балалар суреттері және т.б. өткізілді.
Сондай-ақ, диаспора белсенділері «Отандастар» қорының және Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшісінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Елшілік Украинадағы «Air Astana» ұлттық әуе тасымалдаушысының өңірлік кеңсесімен бірлесіп, Құрылтай қатысушылары арасында Киев - Қазақстан Республикасының кез келген қаласы бағытында екі әуебилеттің және басқа да бағалы сыйлықтардың ұтыс ойынын өткізді.