2021 жылғы 25-26 мамырда «Қазақстан-Украина» Бірінші Климаттық диалогын өткізу туралы

2021 жылғы 25-26 мамырда  «Қазақстан-Украина» Бірінші Климаттық диалогын өткізу туралы

2021 жылғы 25-26 мамырда «Қазақстан-Украина» Бірінші Климаттық диалогы өтуде.

Іс-шара Қазақстан мен Украина жариялаған көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу бойынша амбициялары аясында өткізіледі.

Бірінші диалогтың тақырыбы – «COP-26 жолында: декарбонизациялау және экономикалық механизмдер».

Іс-шараға Қазақстан мен Украина үкіметтерінің, халықаралық ұйымдардың (БҰҰДБ, ЕО, ЭЫДҰ, Дүниежүзілік Банк) өкілдері, экологиялық белсенділер мен ҮЕҰ, академиялық институттар, университеттер, бизнес өкілдері мен екі елдің климат саласындағы сарапшылары қатысады.

Іс-шараның ерекшелігі- шараның аралас форматта өткізілуі. Екі офлайн-алаң (Нұр-Сұлтандағы М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУуниверситеті және Киевтегі «Парковый» халықаралық конгресс-көрмелік орталығы) ZOOM платформасындағы телекөпір арқылы Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия Климаттық желісінің 200-ден астам мүшесімен және қоғамдық өкілдері, сондай-ақ Қазақстанның Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының ҮЕҰ базасындағы 500 ҮЕҰ-мен қосылады.

Диалогты Климаттық диалогты өткізудің бастамашысы болып табылатын Қазақстан Республикасының Украинадағы елшісі Дархан Кәлетаев ашады.

Іс – шараның модераторлары ретінде ШЕКОА елдерінің климаты бойынша ҮЕҰ желісінің мүшелері (CANEECCA) ҚР Президенті жанындағы Жасыл экономика бойынша Кеңестің мүшесі, «Green Academy» ҒБО директорыдоктор Бахыт Есекина және CANEECCA үйлестірушісі Ольга Бойко ханым болады.

25 мамырда Украинаның қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Ирина Ставчук ханым, Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов мырза, ЕО-тың Қазақстандағы делегациясының басшысы Свен-Олов Карлссон мырза құттықтау сөздерін сөйлейді.

Бірінші күні шығарындыларды азайту саласындағы жаңартылған ұлттық салымдарды әзірлеу мәселелерін (Джейн Эбингер ханым, WB), ЭЫДҰ-ның экономиканы декарбонизациялауды қолдау бағыттарын (ЭЫДҰ жасыл өсу және жаһандық қатынастар департаментінің басшысы Куми Китамури ханым), ҚР экономикасын декарбонизациялау сценарийлерін (доктор Йоханнес Шухманн, GIZ), көміртегі салығы бойынша ұсыныстарды (доктор Михаил Юлкин, СВАМ) талқылау жоспарлануда.

Сондай-ақ, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры доктор С.Сағынтаева, Украина Ұлттық Ғылым академиясының Жалпы энергетика институты директорының орынбасары доктор Сергей Шульженко сөз сөйледі.

Екі елдің төмен көміртекті технологияларды ілгерілету саласындағы ынтымақтастық туралы үш меморандум жасасу болжанып отыр (Алматы энергетика және байланыс университеті - УҰҒА Жалпы энергетика институты; ХЖТО-Greencubator, АБҚО -ШЕКОА Климаттық желісі).

26 мамырда Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі Қ.Рахымов мырза мен Финляндияның Климат жөніндегі елшісі Ян Вахлберг мырзаның, Қазақстандағы және Украинадағы БҰҰДБ өкілдіктерінің орынбасарлары Виталий Времиш мырзаның және Манал Фоуани ханымның құттықтау сөздері күтілуде.

Екінші күні қатысушылар төмен көміртекті дамуды ынталандырудың нақты шараларын, соның ішінде «жасыл» инвестицияларды тартуды (Олег Хмелев мырза), жасыл бизнес-инкубатордың мүмкіндіктерін (Роман Зинченко мырза), UNIDO жобаларын іске асыруды (доктор Сәуле Бишімбаева) талқылайды.

Бірінші Климаттық диалогтың қорытындылары бойынша ү.ж. маусым айында Бонн қаласында (Германия) өтетін БҰҰ-ның климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясына қарар қабылдау жоспарланып отыр.