Қазақстанның Украинадағы Елшісі «Нафтогаз» ҰАҚ Басқарма Төрағасымен кездесті

Қазақстанның Украинадағы Елшісі «Нафтогаз» ҰАҚ Басқарма Төрағасымен кездесті

2021 жылғы 20 мамырда Қазақстанның Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев «Нафтогаз» ҰАҚ Басқарма Төрағасы Юрий Витренкомен кездесті.

Қазақстандық дипломат Юрий Витренконы Украинаның басты мұнай-газ компаниясының басшысы ретіндегі аса жоғары және жауапты луазымға тағайындалуымен құттықтап, оған елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде сәттілік тіледі.

Сұхбаттасушылар Қазақстан мен Украина арасындағы осы саладағы ынтымақтастықты дамытудың болашақтарын талқылады.

Дархан Кәлетаев Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында мұнай мен газ кен орындарын барлау және өндіру саласындағы,сондай-ақ осы мақсатта шетелдік инвестицияларды және озық технологияларды тарту бойыншажинақталған тәжірибесімен бөлісуге дайын екендігін білдірді.

Осыған байланысты, тараптар сараптық деңгейде келіссөздер ұйымдастыруға келісті.

Анықтама үшін: Қазақстан әлемнің мұнайөндіруші елдерінің бірі және бұл салаға ірі инвесторлар мен трансұлттық компанияларды тарту бойынша бай тәжірибеге ие.Бүгінгі күні елде әлемдегі трансұлттық мұнай компаниялары көбісі жұмыс істейді - Chevron, ENI, ExxonMobil, CNPC, Shell, Totalжәне басқалары.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда мұнай өндіру 3,5 есеге - 1992 ж. 25 млн. тоннадан 2019 ж. 90 млн. тоннаға дейін өсті. 2019 ж. газ өндіру көлемі 56,7 млрд. текше метрге жетті. Ішкі нарық ұлттық мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз етілген.