
Елшілік ұжымы дәстүр бойынша қандасымыз, Ұлы Отан соғысының ардагері Аманжолов Нұрбай Базарқұлұлын Жеңістің 76 жылдығымен құттықтады!
Ардагерге естелік сыйлықтар табыс етілді, денсаулықты, көтеріңкі көңіл-күй мен сарқылмас күшті сақтауға тілектер айтылды.
Нұрбай Базарқұлұлы құттықтаулары үшін шын жүректен алғыс білдіріп, өзінің тарихи отаны - Қазақстан Республикасына деген ықыласы мен қамқорлығын жоғары бағалайтындығын баса айтты. Ол Ұлы Отан соғысының «парақтары» ерекше орын алатын өмірі туралы естеліктерімен бөлісті.
Н.Аманжолов майданға Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай өңірінен 18 жасар бозбала ретінде аттанды. Украина мен Польшаны азат етуге қатысып, Одерден өтіп, соғысты Прагада аяқтады. Осыдан кейін ол Карпат әскери округінде қызмет етті. Полковник шенімен зейнетке шыққан.
1-дәрежелі «Отан соғысының Қызыл Жұлдызы», 1-ші дәрежелі «Богдан Хмельницкий» ордендерімен және 26 медальмен марапатталған.