Қазақ жауынгердің мәйіт сүйектері қазақстандық тарапқа тапсырылды

Қазақ жауынгердің мәйіт сүйектері қазақстандық тарапқа тапсырылды

Ү.ж. 7 мамырда Жеңіс күнінің 76 жылдығы қарсаңында украиналық тарап Ұлы Отан соғысы кезінде Донецк облысының Славянск және Краматорск аудандарын азат ету кезінде қаза тапқан қазақстандық жауынгер Үкекбай Бозорбаевтың мәйіт сүйектерін Қазақстан Республикасы Украинадағы Елшілігінің жанындағы Әскери атташе,  ҚР Қарулы Күштерінің полковнигі Нұржан Омаровқа тапсырды.

«Плацдарм» әскери-тарихи мұраны зерттеушілер қауымдастығы» қоғамдық ұйымы 2020 жылы Донецк облысының шайқас алаңында 110 кеңес жауынгерлердің мәйіт сүйектерін тапты. Олардың сегізі табылған медальдар, капсулалар, құжаттардың үзінділері арқылы анықталды. Сонымен, 1913 жылы туған, 39-шы гвардиялық атқыштар дивизиясының 12-гвардиялық атқыштар полкінің лейтенанты, «Ерлігі үшін» және «Сталинградты қорғағаны үшін» медальдарымен марапатталған біздің қазақ сарбазымыз Бозорбаев Үкекбай табылды.

Елшілік У.Бозорбаевтың мәйіт сүйектерін Отанда қайта жерлеу үшін сарбаздың туыстарына жібереді.