Қазақстанның Украинадағы жаңа Құрметті консулы тағайындалды

Қазақстанның Украинадағы жаңа Құрметті консулы тағайындалды

Ү.ж. 26 ​​сәуірінде Украинаның Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасының Днепр қаласындағы жаңа Құрметті консулы Инна Медяникке консулдық экзекватураның ресми тапсыруы өтті.

Экзекватураны Украина Сыртқы істер министрінің орынбасары Евгений Енин Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаевтың қатысуымен тапсырды.

Тараптар екі ел арасындағы өзара іс-қимылдың барлық салаларында ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге сенім білдірді.