Қазақстандық-украиналық сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың перспективалары талқыланды

Қазақстандық-украиналық сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың перспективалары  талқыланды

2021 жылғы 20 сәуірде Қазақстанның Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев Украина Жұмыс берушілер федерациясы Кеңесінің төрағасы Дмитрий Олейникпен қазақстандық-украиналық сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың перспективаларын талқылады.

Сұхбаттасушылар карантин жағдайындағы екі ел экономикаларының ағымдағы жағдайы, шағын және орта бизнестің хал-жайы, сондай-ақ, үкіметтердің экономикаларды қолдау бойынша іс-қимылдары туралы ақпаратпен алмасты.

Екі елдің кәсіпорындары арасындағы сауда және кооперациялық байланыстарды дамыту мақсатында УЖФ мен Қазақстанның бейінді бірлестіктері арасындағы ынтымақтастықты жандандыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Осы тұрғыда тараптар бірқатар болашағы бар экономикалық жобаларды іске асыру бойынша жалпы қадамдарды келісті.