Елшінің Украиналық жиһаз өндірушілерінің қауымдастығы өкілдерімен кездесуі өтті

Елшінің Украиналық жиһаз өндірушілерінің қауымдастығы өкілдерімен кездесуі өтті

2021 жылғы 20 сәуірде Қазақстанның Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев Украиналық жиһазшылар қауымдастығы басқармасының мүшелері Александр Ющенко мен Андрей Колесникпен кездесті.

Сұхбаттасушылар жиһаз саласындағы қазақстандық-украиналық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын жан-жақты талқылап, оны дамыту үшін жоғары әлеуеттің бар екендігімен келісті.

Украиналық жиһаз қоғамдастығы қазақстандық нарықпен өте жақсы танысып, қазіргі таңда біздің елде өзінің қатысуын нығайтуға ниетті. Осыған орай, саладағы бірқатар нақты жобалар талқыланды.Олардың қатарында Қазақстан аумағында бірлескен өндіріс күштерін құруды көздейтіндер де бар.