Қазақстан мен Украина экономикалық ынтымақтастықты ұлғайтуды жалғастыруда

Қазақстан мен Украина экономикалық ынтымақтастықты ұлғайтуды жалғастыруда

2021 жылы 31 наурызда Қазақстанның Украинадағы Елшілігінің бастамасымен Украинаның Сауда-өнеркәсіп палатасында қазақстандық және украиналық бизнестің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараны аша отырып, Қазақстанның Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың жоғары әлеуетін атап өтіп, екі елдің бизнесін одан әрі белсенді өзара әрекеттестікке шақырды. Украинаның Сауда-өнеркәсіп палатасының Президенті Геннадий Чижиков өз тарапынан бұл бағытта барлық көмек түрлерін көрсетуге дайын екенін растады.

Дөңгелек үстелге қатысушылар қазақстандық-украиналық ынтымақтастықты жандандырудың ықтимал жолдары туралы пікір алмасты. Атап айтқанда, қазақстандық ірі «агро» кәсіпкер Н.Мещереков Қазақстанның ауыл шаруашылық саласын дамытудың әлеуеті туралы хабардар етіп, осы аядағы екіжақты жобаларды жүзеге асыру бойынша бірқатар ұсыныстар жасады.

«Whiteshield Partners» халықаралық компаниясының Еуразия елдері бойынша директоры Е.Жәркешов экономикадағы ортақ проблемаларды еңсеру үшін бизнес пен мемлекеттің күш-жігерін біріктіру бойынша Қазақстанда қолданылатын жаңа тәсілдер туралы баяндады.

«Көркем телеком» және «IT Space» компанияларының өкілдері жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу және жедел қызметтерді сапалы диспетчерлік қызметпен қамтамасыз ету саласында жаңа цифрлық шешімдерді Қазақстанда енгізу тәжірибесімен бөлісті.

Өз кезегінде украиналық кәсіпкерлер түрлі салаларда бірлескен бизнес-жобаларды іске асыруға үлкен қызығушылық танытып, қазақстандық бизнестің Украина нарығына сауатты кіруін қамтамасыз ету үшін өз қызметтерін ұсынды.