Қазақстанның футболдан ұлттық құрамасы Киевке келді

Қазақстанның футболдан ұлттық құрамасы Киевке келді

Ү.ж. 29 наурызда Қазақстанның футболдан ұлттық құрамасы «Қазақстан-Украина» Әлем кубогының іріктеу матчына қатысу үшін Киевке ұшып келді.

«Борисполь» халықаралық әуежайында Қазақстан құрамасын қазақ диаспорасының өкілдері, қазақстандық студенттер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігінің қызметкерлері қарсы алды.

Ұлттық жалауларын көтеріп, олар спортшыларға жылы лебіздерін білдіріп, мықты украиндық футбол командасына қарсы ойында сәттілік тіледі. Қазақ тіліндегі құттықтауларды Борисполь әуежайының диспетчерлік қызметі де жасады.