Қазақстан Елшісінің Украинаның халық депутаттарымен кезекті кездесуі өтті

Қазақстан Елшісінің Украинаның халық депутаттарымен кезекті кездесуі өтті

2021 жылғы 10 ақпанда Қазақстанның Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаевтің Украинаның халық депутаттары Елена Шуляк пен Сергей Нагорнякпен кездесуі өтті.

Сұхбаттасушылар өңірлік даму мен жергілікті өзін-өзі басқару аясындағы тәжірибемен алмасты. Сондай-ақ, дәстүрлі және жасыл энергетика, заманауи энергия үнемдеу және энергия тиімділікті арттыру технологияларын енгізу өрісінде Қазақстан мен Украина арасындағы ынтымақтастықты жандандыру мәселелері және құрылыс саласында кооперация мүмкіндіктері талқыланды.