Қазақстанның Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев Украинаның Этносаясат және ар-ождан бостандығы жөніндегі мемлекеттік қызметінің басшысы Елена Богданмен кездесті

Қазақстанның Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев Украинаның Этносаясат және ар-ождан бостандығы жөніндегі мемлекеттік қызметінің басшысы Елена Богданмен кездесті

Ү.ж. 5 ақпанында Қазақстанның Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев Украинаның этносаясат және ар-ождан бостандығы жөніндегі мемлекеттік қызметінің басшысы Елена Богданмен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Украинадағы этносаяси және діни ахуал, елдер арасында рухани, мәдени-гуманитарлық салаларда ынтымақтастық орнату мүмкіндіктерін талқылады.

Қазақстан Елшісі Д.Кәлетаев екі елдің ортақ құндылықтарының бар екендігін және қарым-қатынасты одан әрі нығайтудың негізі - Украинада оқыған және оған «еңбек отаны» айналған Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тұлғасы екенін атап өтті.

Қазақстандық тарап ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделінің инфрақұрылымы, оның ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы алдағы жылы өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің келесі съезі туралы хабардар етті.

Украиналық тарап әртүрлі этникалық және діни топтар арасындағы бейбітшілік пен келісімді сақтаудың қазақстандық тәжірибесіне қызығушылық танытты. Е.Богдан Украина Қазақстанның қазақ тілінің латын әліпбиіне қалай көшіп жатқанын мұқият қадағалап отырғанын баса айтты. Сонымен қатар, Қазақстанның қажылықты ұйымдастырудағы тәжірибесіне қызығушылықтарын атап өтті.

Елші қызықтыратын жерлермен, оның ішінде ҚХА, тиісті мекемелермен кездесулер өткізу мүмкіндігі бар жерлермен танысу және атқарушы мемлекеттік органдардың бөлімшелері, украиндардың Қазақстан аймақтарындағы ықшам тұрғылықты жерлеріне бару үшін этносаясат пен ар-ождан бостандығына жауапты украиналық бөлімі делегациясының Қазақстанға сапарын ұйымдастыруды ұсынды.

Кездесу соңында тараптар Украинадағы қазақ диаспорасын шоғырландыруға бағытталған іс-шаралар өткізу мүмкіндігін талқылады.