Қазақстан мен Украина экология саласында ынтымақтастықты күшейтуге ниетті

Қазақстан мен Украина экология саласында ынтымақтастықты күшейтуге ниетті

Қазақстанның Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев Украинаның Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстар министрі Роман Абрамовскиймен кездесті.

Тараптар сұхбат барысында қоршаған ортаны қорғау, қалдықтармен жұмыс істеу, табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану және басқа да мәселелер саласында екіжақты ынтымақтастықты жандандыру бойынша одан арғы қадамдарды талқылады.

Р.Абрамовский Қазақстанның «жасыл экономиканы» дамыту бойынша шараларын жоғары бағалап, климаттың өзгеруіне жауап қайтару бойынша әлем қоғамдастығының күш жігеріне қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.

Сұхбаттасушылар осы салада екіжақты және арнайы халықаралық құрылымдар шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелерін егжей-тегжейлі талқылау мақсатында екі елдің экология министрлерінің өзара сапарларын ұйымдастыруға келісті.