Киевте Украинаның Мемлекеттік күзет басқармасының басшылығымен кездесу өтті

Киевте Украинаның Мемлекеттік күзет басқармасының басшылығымен кездесу өтті

Ү.ж. 3 ақпанында Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев Украинаның Мемлекеттік күзет басқармасының басшысы, генерал-майор Сергей Рудьпен кездесу өткізді.

Сұхбат барысында С.Рудь жоғарғы лауазымды тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ, мемлекеттік маңызы бар объектілерді қорғау жөнінде тәжірибе алмасу бойынша Қазақстанның Мемлекеттік күзет қызметімен ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық білдірді.

Осыған орай, ол екі елдің арнаулы органдардың арасында бірқатар бірлескен іс-шаралар өткізуді ұсынды.